Слесарь-жөндеуші - өндірістік немесе тұрмыстық жабдықтарға техникалық қызмет көрсететін және оларды жөндейтін маман. Слесарь-жөндеуші жөнделген жабдықты орнатып, сынақтан өткізуі тиіс, сонымен қатар оны жұмыс істеп тұруына толығымен дайындауы керек.
Сллесарь-жөндеуші мынадай жұмыс түрлерін орындайды:
Слесарь-жөндеуші жөндеу процесінде слесарлық жұмыстарды орындайды: кесу, түзету, бұрғылау, егеу, ойма тілу және т.б. Бұл ретте әртүрлі слесарлық құралдарды (гайка кілттері, балғалар, электр бұрғылары, бұрғылау және ажарлау машиналары, қырғыштар және т.б.) және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдаланады. Жабдықты жинау кезінде техникалық талаптарға сәйкес олардың нақты өзара орналасуын сақтай отырып, бөлшектерді қиыстырып келтіреді; тетіктердің жұмысын дұрыстайды және реттейді.
Еңбекақысы жұмыс орнына, біліктілік деңгейі мен тәжірибесіне байланысты болады. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алып, одан әрі жұмыс істеу үшін студенттің физика, химия, сызу саласында білімі болуы тиіс.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3 жыл. Студенттер практикалық оқытуды кәсіпорында жұмысшының кәсіби міндеттерін орындай отырып меңгереді.
Бұл мамандықтың артықшылығы - көптеген технологияларды меңгеруінде, қызметтік өсу, разрядты көтеру, сондай-ақ кәсіби білім мен дағдыларды өзінің күнделікті өмірінде қолдану мүмкіндігінде.
Табысты жұмыс істеу үшін слесарь-жөндеушінің бойында мынадай бірқатар жеке қасиеттер болуы қажет: жұмыстағы жауапкершілік пен жүйелілік, коммуникабельділік, ширақтық, қол мен саусақтар қимылының дәлдігі және үйлесімділігі, техникалық аңғарымпаздық.
Бұл мамандықтың кемшілігі - денеге түсетін ауыртпалықта, сондықтан слесарь-жөндеушіде жақсы дене дайындығы, жоғары күштік төзімділік және мықты денсаулық болуы керек. Нормаланбаған жұмыс кестесі жұмыс болуы мүмкін.
Слесарь-жөндеуші тәжірибе алуының және кәсіби тұрғыда дамуының арқасында өз цехын немесе бөлімшесін басқара алатынын жас мамандардың білгені жөн. Сондай-ақ қаласа өз фирмасын да ашуға болады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек