Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға арналған жиын.
2022 жылдың 14 қазанында "Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК-нің акт залында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша шаралар кешенін жүргізу» жобасы аясында студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға арналған жиын өтті. Шараға Петропавл колледждерінің студенттері шақырылды.
Жобаның міндеттері: жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түріне теріс көзқарасты қалыптастыру; жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы тұру мәселесі бойынша белсенді азаматтық ұстанымды, еркіндік, отбасы құндылықтары туралы тұрақты дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру.
Кездесуге қатысқандар: Абильмажинов Темиргали Текебаевич– «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры; Алиев Кабдолла Хамитович – «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аппарат басшысы (онлайн); Жунусов Айдос Жаппарович – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы басшысының бірінші орынбасары; Сабитов Салимхан Жанатович – «Қызылжар – адалдық алыны» жобалық кеңсесінің жетекшісі; Джемалединова Инна Михайловна – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бас комплаенс қызметкері; Нурахметов Ерик Жолдыбаевич– білім басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі бөлімінің басшысы. Кездесу белсенді диалог түрінде өтті.
 

 

 

Бізді қалай таба аласыз

+7 (7152) 37-45-86
pkmtcoll@yandex.ru
150000, г. Петропавловск, ул. Ю. Медведева, 1а Мекен-жайды картада көрсету
https://pkmt.mycollege.kz/