Автомобильдер жөндеу жөніндегі слесарь - бұл автомобиль тораптарына техникалық қызмет көрсетуді, бөлшектеуді, жөндеуді, ауыстыруды, дәнекерлеуді, жинауды және реттеуді жүргізетін маман. Слесарьдың міндетіне автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жұмыстары, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрттен қорғау ережелерінің сақталуын бақылау, пайдалану материалдарының шығынын есепке алу кіреді.
Тәжірибесі аз маманның орташа жалақысы 100-150 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің физика, математика, сызу саласында білімі болуы тиіс. Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 2-3 жыл.
Кәсіби маңызды қасиеттеріне мыналар жатады: дене төзімділігі мен күш, көзінің жақсы көруі, ширақтық, қол мен саусақтар қимылының дәлдігі мен оларды үйлестіре алу, бұлшықет пен есту сезімталдығының өткірлігі, техникалық интеллект, зейіннің жоғары деңгейі мен оны бөлу, байқампаздық, шыдамдылық, тәртіптілік, жауапкершілік, апаттық дабылдарға тез жауап беру.
Бұл біліктіліктің артықшылығы қазіргі таңда өте танымалдығында және үлкен сұранысқа ие болуында. Түрлі қызметті жүргізуге, автомобильдердің жаңа маркаларын үнемі зерделеуге, жөндеу және диагностикалауға арналған барлық жаңа техникалар туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Жас маман көлік жөндеу жөніндегі сласарьдің кейбір тәуекелмен байланысты жауапты мамандық екендігін білуі тиіс, сондықтан үнемі біліктілігін арттырып отырғаны жөн.
Бұл мамандықтың кемшілігі ауыр заттарды көтеру мен оларды жылжытуында болып табылады. Шамадан тыс шу, химиялық әсер, май, бензин және т.б. иістердің болуы адам ағзасына жағымсыз әсер етеді.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек