Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик машинаның электрондық жүйесіндегі бұзылуларды жоюға жауап беретін автомобиль техникасын жөндеу жөніндегі маман.
Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик автокөлік құралын электрмен жабдықтау жүйелерінің диагностикасын жүргізеді, автомобиль көлігінің электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету, көтерме және бөлшек сауда саласында коммерциялық қызметпен де айналыса алады. Сондай-ақ оның қызметі автомобильдің электр жабдықтарының ақауларының алдын алуына бағытталған.
Сарапшылар автоэлектрик мамандығын неғұрлым перспективалық мамандықтар қатарына жатқызады, өйткені әлемдегі әр 3-ші адамда автомобиль бар. Уақыт өте келе, кез-келген техника бұзыла бастайды.
Жалпы автоэлектриктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тәжірибесі аз маманның орташа жалақысы 100-120 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің физика, математика, электротехника саласында білімі болуы тиіс.
Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик клиенттердің қалауын тыңдай алуы, сендіре білуі, оңтайлы жұмыс жағдайларын ұсына білуі, жөндеу тісілдерін таңдау барысында асықпауы керек. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін клиентті мүмкін техникалық ақаулар мен оның алдын-алу әдістері туралы хабардар еткен жөн.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл.
Бұл мамандық салмақты, сабырлы, табанды, мақсат қоя білетін, кез-келген кәсіби міндеттерді шешуде оңтайлы шешім таба алатын адамдарға келеді.
Жұмыстың жағымды жақтарының бірі деп жоғары сұранысты, жақсы еңбекақыны атауға болады, себебі автокөліктің заманауи модификациялары күрделі электроникаға, сондай-ақ күрделі және дамыған электрикаға толы. Бұл мамандық түрлі қызметтерді жүргізуге, автомобильдердің жаңа маркаларын үнемі зерделеуге, жөндеу мен диагностикалауға арналған барлық жаңа техникалар туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Жас маман ақаулықтың себебін дұрыс анықтай алуды үйренуі керек. Сондай-ақ ол клиенттермен жұмыс істеуде тәжірибесінің болмауы, шешуді талап ететін даулы мәселелер сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Бұл мамандықтың кемшілігі жоғары жауапкершілікте, кейде қолайсыз еңбек жағдайында.
Автоэлектриктің жұмысы - үнемі жетілуге тамаша мүмкіндік. Өйткені сала бір орында тұрмай, әрқашан инновациялық технологиялармен толығып отырады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек