Техник-жылутехнигі - жылу-су-газбен жабдықтау жүйелерінің жылу-техникалық жабдығына және жылу энергиясын есепке алу мен бақылау құралдарына техникалық қызмет көрсетумен және оны пайдаланумен айналысатын маман.
Техник-жылутехнигі жылу техникалық жабдықты және жылумен және отынмен жабдықтау жүйелерін пайдалану; жылу техникалық жабдықты монтаждау процестерін; отынның түрлі түрлеріндегі қазандықтардың жұмыс жүйесін; жылу желілерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды; қазандықтар мен жылу желілерін жобалау негіздерін; жылу желілерін қайта құру процестерін және т.б. білуі тиіс.
Еңбекақысы жұмыс орнына, біліктілік деңгейі мен тәжірибесіне байланысты болады. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алып, одан әрі жұмыс істеу үшін студенттің химия, физика, математика саласында білімі болуы тиіс.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 5-7 жыл.
Бұл мамандықтың артықшылығы - сұранысқа ие болуында. Мансаптық өсу, разрядты көтеру, сондай-ақ кәсіби білім мен дағдыларды күнделікті тұрмыстық өмірде де қолдану мүмкіндігі бар.
Табысты жұмыс істеу үшін техник-жылутехнигінің бойында мынадай бірқатар жеке қасиеттер болуы қажет: зейінділік, ұқыптылық, логикалық ойлау, қол моторикасы, оперативті және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті, жоғары жауапкершілік және стресске төзімділік. Сонымен қатар мықты денсаулық пен дене төзімділігінің болуы да маңызды.
Бұл мамандықтың кемшілігі - денсаулыққа ықтимал қауіптердің: химиялық және физикалық факторлардың әсерінен туындайтын аурулардың пайда болуында.
Осы саланың жас маманы өндіріспен байланысты мамандықты таңдай отырып, күрделі жұмысқа, білім мен қауіпсіздік техникасының жоғары талаптарына дайын болуы керек екенін білгені жөн. Бұл күрделі және жауапты, маңызды және қызықты мамандық.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек