Фактілер мен статистика

2023 ж. 16 қаңтар

Колледжде жұмыс істейтін барлық педагогтардың (97,8%) оқу пәндерін оқыту үшін тиісті жоғары базалық білімі бар; 1 оқытушының инженерлік-педагогикалық білімі, 2 (2,1%) өндірістік оқыту шебері – техникалық және кәсіптік білімі бар.

2023 жылғы 1.01-да ПМЖжКК педагогикалық ұжымы 91 педагогикалық қызметкерді құрайды. Оның ішінде 69 оқытушы, 22 өндірістік оқыту шебері. Штаттық педагогтардың жалпы санынан - жалпы білім беретін пәндердің 35 оқытушысы, жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің 34 оқытушысы.

Колледждің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін оның миссиясына сәйкес тиімді жүзеге асыруға жоғары білікті ИПҚ ұжымының үйлесімді жұмысы ықпал етеді. Педагог қызметкерлердің жалпы санының ішінде жоғары санатты 13 (14,2%) оқытушы бар, оның ішінде 10 оқытушының "Педагог-зерттеуші" санаты, бірінші санатты - 24 педагог (26,3%), оның ішінде 15 оқытушының "Педагог-сарапшы" санаты, 25 (27.4%) педагогтың екінші санаты бар оның ішінде 17 (18.6%) педагог "Педагог-модератор" санатына ие.

21 педагогтың магистр академиялық дәрежесі бар, бұл колледждің ИПҚ жалпы санының 23% құрайды.

Колледж ИПҚ-дің кәсіби жетістіктері республикалық және облыстық деңгейде бірнеше рет атап өтілді.

 

 

Бізді қалай таба аласыз

+7 (7152) 37-45-86
pkmtcoll@yandex.ru
150000, г. Петропавловск, ул. Ю. Медведева, 1а Мекен-жайды картада көрсету
https://pkmt.mycollege.kz/