Біз туралы

Кәсіптік бағдар беру бейнеролигі

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі

 9-сынып негізінде талапкерлерді келесі мамандықтар бойынша тегін оқуға қабылдау туралы хабарлайды:

Темір жол көлігі бөлімі

Мамандығы: «Темір жолының вагондары мен рефрижераторлы жылжымалы  құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

Біліктілігі: техник-электромеханик;

вагондарды жөндеу жөніндегі  слесарь

Мамандығы: «Темір жолының тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

Біліктілігі: техник-электромеханик

локомотив машинисінің көмекшісі

Машина жасау бөлімі

Мамандығы: «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: техник-механик (TжКБ  негізінде)

                           Кең бейімді станокшы

                           Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы

Мамандығы: «Слесарлық іс  (салалар және түрлері бойынша)»

Біліктілігі: механикалық жинақтау жұмыстарының слесарі;

                    слесарь -жөндеуші

Мамандығы: «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)»

Біліктілігі: электромонтер (түрлері және салалары бойынша)

                   электр жабдықтарын  жөндеу жөніндегі электрослесарі (түрлері мен салалары бойынша)

Энергетика бөлімі

Мамандығы: «Дәнекерлеу ісі  (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: электргазбен дәнекерлеуші

 

Мамандығы:"Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)"

Біліктілігі: Техник-электрик

                    Электрмонтажшы (салалар бойынша)

 

Мамандығы: «Жылутехникалық   жабдық және жылумен жылумен жабдықтау  жүйелері (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: техник-жылу технигі

                  жылу желілерінің жабдықтарын жөндеу жөніндегі  слесарь

Мамандығы: «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» қазақ және орыс тілдерінде оқыту

Біліктілігі: бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушы

Автомобиль көлігі  бөлімі

Мамандығы: «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Біліктілігі: автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь

                    автомобиль электр жабдықтарын  жөндейтін  электрик

Мамандығы: «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

Біліктілігі: тасымалдауды  ұйымдастырушы-техник

                    4 және 5 разрядты темір жол станциясы бойынша кезекші

 

Колледжде оқыту ақпараттық технологиялар арқылы заманауи жабдықтарда  жүргізіледі: 5 компьютерлік кабинет, 24 оқу кабинеті заманауи интерактивті панельдермен жабдықталған. Wi-Fi барлық кабинеттерде  және жатақханада бар. Колледж студенттеріне мемлекеттік қолдау көрсетіледі: шәкіртақы, тамақ және жол ақысын өтеу. Басқа жерде тұратын студенттер  жатақханада тұрады .

«Жас Маман» жобасы аясында 2020 жылы колледж бағдарламамен басқарылатын DMG MORI станоктарын: әмбебап  ББC токарь станоктарын және ББC фрезерлік өңдеу орталығын, әрбір станокқа арналған өлшеу және кесу құралдарының жиынтығын және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен интерактивті панельдерді сатып алды.

Жоғары дәлдікті және инновациялық  ББC машиналарымен жұмыс  істеуге колледж студенттері мен түлектеріне Worldskills Kazakhstan халықаралық чемпионаттарына қатысуға және жүлделі орындарды жеңіп алуға мүмкіндік береді. 2021, 2022  жылдары 2 курс студенті Бобылев Ростислав екі рет «ББC  станоктарында токарлық жұмыс» құзыреті бойынша «Үздік маман» медалімен марапатталды.

Практикалық оқу кезеңінде колледж студенттері қала мен облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында қажетті дағдылар, қабілеттер және практикалық тәжірибе алады. Мысалы: «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Ресей темір жолдары» АҚ, «Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл филиалы», «МҰНАЙМАШ» АҚ, «ПетромашЗавод» ЖШС, «ПЗТМ» АҚ, «С.М.Киров зауыты» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «Радуга» ЖШС, «В.Ф.Поиск» ЖШС, «АВАГРО-» ЖШС, «АВАГРО-» ЖШС. «Тора» ЖШС, «ЗМО» ЖШС, «СервисЭнерго» ЖШС, «СТО Джип» ЖШС, «АСТЕК-АВТО» ЖШС.

Колледжде студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Спорттық секциялар жұмыс істейді, студенттер қалалық жарыстарға қатысып, жеке және командалық біріншілікте жүлделі орындарға ие болуда. Біздің оқу орнымыздың спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап, жетістіктерімен бізді қуантады. Ваганов Алексей-велоспорттан спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, 2021 жылы Азия чемпионатының жеңімпазы. Конкин Максим-велоспорттан спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері. Лысенко Иван-гір спортынан спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері.Мысалы, 2020 жылдың түлегі, бокстан спорт шебері, халықаралық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Евгений Павлов 2020 жылдың шілде айында әлемдік кәсіпқой бокс аренасында дебют жасады. Ол студенттермен кездесуде өз жетістіктерімен қуана бөліседі.

Төрт жылдан бері колледж студенттері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үздік 100 студентін анықтау мақсатында «Қазақстан Республикасының ТОП 100 колледж студенті» жобасына қатысып, жеңімпаз атанып келеді. 2021 жылы колледжіміздің атынан 4 курс студенті Екатерина Москалева қатысып, Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік студенттерінің қатарына кірді. Сонымен қатар, Екатерина ғылыми жұмыстар конкурсының жеңімпазы аталып және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жыл сайынғы атаулы стипендиясының иегері болуда. 2022 жылы жеңімпаздар қатарына біздің студент Дмитрий Пытьевте кірді. Қазіргі уақытта Дмитрий колледж студенттік Парламентінің Президенті, "Мархабат" еріктілер клубының төрағасы, "Солтүстік Қазақстан облысының украин мәдени орталығы" ҚБ  төрағасы болып табылады.

Жұмысты  оңай табатын мамандықты алғыңыз келе ме? Онда Петропавл машина жасау және көлік колледжі - дәл қазір  еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша нақты білім алуға және дайындықтан өтуге  көмектесетін оқу орны болып табылады.

Оқуға қабылдау аттестаттың орташа балы бойынша конкурстық негізінде жүргізіледі. Оқуды бітіргеннен кейін түлектер мемлекеттік үлгідегі диплом алады.

Мекен-жайымыз: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Ю.Медведев көшесі, 1а, телефон 8-771-289-62-20

                                             8-747-374-21-46

Өтінішге қосымша:

1. Білімі туралы құжат (түпнұсқа)

2. № 075-у нысанындағы медициналық анықтама

3.Фотосуреттер (3х4)-4 дана

4. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін)

 

 

 

Толығырақ

Біздің біліктіліктеріміз

Өтінім қалдыру
Бағдарлама атауы
Басталуы
Мерзімі

Кеңбейінді станокшы

3W07150102
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Жөндеуші-слесарь

3W07150601
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Электргазымен дәнекерлеуші

3W07150501
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Механикалық жинау жұмыстарының слесары

3W07150604
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Электромонтер (түрлері және салалары бойынша)

3W07130101
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Автомобиль жөндеу слесарі

3W07161301
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Техник-электрик

4S07130202
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай

Техник-жылу технигі

4S07130403
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай

Техник-технолог

4S07150105
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
ТжКББ-ден кейін: 10 ай

Тасымалдауды ұйымдастырушы технигі

4S10410205
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай

Техник-электромеханик

4S07160503
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай

Техник-электромеханик

4S07160603
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
Барлық бағдарламалар (17)

Сурет пен бейне

Барлық медиа
Мұнда оқыдыңыз ба?

Өз пікіріңізді қалдырыңыз, мүмкін, бұл басқа жастарға таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, сіздің бағалауыңыздан біздің рейтингіміз қалыптасады.

Пікір қалдыру

Бізді қалай таба аласыз

+7 (7152) 37-45-86
pkmtcoll@yandex.ru
150000, г. Петропавловск, ул. Ю. Медведева, 1а Мекен-жайды картада көрсету
https://pkmt.mycollege.kz/